Read the original announcement in English
ЖАҢАРТЫЛДЫ: Жазба сілтемелері, үнсіз хаттар және әкімші қолтаңбалары жайлы Арналар 2.0 оқыңыз.
Арналар - кең аудиторияға хат таратуға арналған жаңа құрал. Арналар бұрынғы «Жариялау тізімдерінің» орнын басады және барлық жағынан тиімдірек. Арнадағы жазылушылар саны шектеусіз болуы мүмкін, арналар тұрақты сілтемемен жария бола алады, ал арнадағы әр жазбаның жеке көрілім есептегіші бар.
Хаттарыңыздың қайта жіберілген көшірмелерінен жиналған көрілімдер де жалпы есепке қосылады. Тағы бір маңыздысы: жаңа жазылушылар арнаға қосылған сәттен бастап, бірінші күннен бастап бүкіл хат тарихын көре алады.
Мысал ретінде ресми Telegram арнасына қосылып, жаңартуларымыз туралы мәлімдеме ала аласыз немесе «Жаңа хат» мәзірі арқылы өз арнаңызды жасап көріңіз.
Тағы бір жақсы жаңалық: біз iOS 9 құрылғыларында мәлімдемелерден «Жылдам жауап» мүмкіндігін қостық. Бұл iPhone құлпын ашпай-ақ, Telegram хаттарына тікелей құлыптау экранынан жауап беруге болатынын білдіреді. «Бөліп көру» және iOS 9-дың басқа мүмкіндіктері қазан айының басында қолжетімді болады.
iOS 9-дағы ақауға байланысты «Жылдам жауап» үшін енгізу өрісін бірден көрсету мүмкін емес, ол пайда болуы үшін алдымен «Жауап» батырмасын басу керек. Қатысты түзетулермен бірге iOS 9.1 шыққан кезде «Жылдам жауап» күткендей жұмыс істейтін болады.
iOS-қа арналған құрамдас сурет өңдегіш суреттің реңкін, fade және curves параметрлерін реттеу құралдарымен жаңартылды. Бар көлеңке және ашық аймақ құралдары әдепкіде 50%-ға орнатылған және енді екі бағытта да толыққанды жұмыс істейді.
2015 жылы 22 қыркүйек
Telegram командасы